×

Оралмандардың отбасы жақын арада Қырымдағы 160 пәтер кілтінің иегері болмақ

Оралмандардың отбасы жақын арада Қырымдағы 160 пәтер кілтінің иегері болмақ

Оралмандардың отбасы жақын арада Қырымдағы 160 пәтер кілтінің иегері болмақСимферопольде бұрын қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасыларына 90 пәтердің кілті табыс етілді. Сондай-ақ, Бахчисарайдан тағы 70 отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Бұл хабарды Депортацияланған азаматтар және ұлтаралық қатынастар жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының міндетін атқарушы Заур Смирнов айтты.

Өткен жылдың 21 сәуірінде референдум нәтижесінде Қырым түбегі Ресейдің құрамына енгеннен кейін Владимир Путин аймақтағы қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды оңалту туралы жарлыққа қол қойды. Қаулыда қабылдануы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті шаралар тізбеленген. Соңғы бірнеше онжылдықта бұл аумақтар әлеуметтік жағынан мүлдем дамымаған.

Өткен жылы бұрын қуғын-сүргінге ұшыраған, қоныстануды ширек ғасырдан астам күткен 120 отбасы баспаналы болды. Қоныс аудару бағдарламасы аясында өткен жылы үш жүз миллионнан астам рубль бөлінді, бұл Украинаның жеті жыл ішінде бұрын жер аударылған халықтарды қоныстандыруға бөлген сомамен бірдей.

Симферопольде алдағы уақытта мың оқушыға есептелген ұлттық мектептің құрылысы жалғасады. Құрылыс он жылдан астам уақыт бұрын басталған.

Жуырда республика басшысы Сергей Аксенов Қырым татар ұйымдарының 21 сәуірді Қырым халықтарының қайта жаңғыру және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру күні деп белгілеу идеясын қолдады.