×

Мәскеу облысында тұратын Олимпиада чемпиондары биылғы жылдың соңына дейін жаңа баспананың иесі атанады

Мәскеу облысында тұратын Олимпиада чемпиондары биылғы жылдың соңына дейін жаңа баспананың иесі атанады

Мәскеу облысында тұратын Олимпиада чемпиондары биылғы жылдың соңына дейін жаңа баспананың иесі атанады

Сочиде өткен Паралимпиада және Олимпиада ойындарының Мәскеу облысында тұратын барлық чемпиондары осы жылдың соңына дейін жаңа пәтерлердің иесі болуы керек. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру министрі қызметін атқаратын Роман Терюшков хабарлады.

Күні кеше шенеунік шорт-тректен Олимпиада чемпионы атанған Владимир Григорьевке Мәскеу түбіндегі Химкидегі жақында ғана салынған тұрғын үй кешенінде орналасқан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Сочиде өткен Паралимпиада және Олимпиада ойындарының нәтижесінде жиырма үш қатысушы әртүрлі номинациядағы медальдардың иегері атанды. Олардың әрқайсысы жаңа баспананың кілтін алады. Мұны беруді Мәскеу облысының басшысы Андрей Воробьев бұйырды. Мәскеу маңындағы он спортшыға пәтерлер берілді.

Облыс әкімдігінің баспасөз орталығы мен әкім жаңа пәтер кілттерін алған спортшылардың есімдерін нақтылады. Олар: Дмитрий Лисов, Павел Заботин, Евгений Героев, Валерий Редкозубов, Инга Медведева, Илья Волков, Алексей Бугаев, Вадим Селюкин, Екатерина Лобышева және Ольга Граф. Жақын арада өз пәтерлерінің иесі атанатын тағы он екі Олимпиада чемпионымен жаңа баспанаға келісім-шарт жасалды. Бұл келесі спортшылар: Светлана Пахомова, Михаил Иванов, Максим Андриянов, Александр Алябьев, Илья Попов, Олег Пономарев, Алексей Амосов, Виктор Уайлд, Екатерина Шихова, Александр Бессметных, Альберт Демченко және Руслан Захаров.