×

Ленинград облысының губернаторына Әулие Исаак соборын Орыс православие шіркеуіне беру туралы петиция жіберілді.

Ленинград облысының губернаторына Әулие Исаак соборын Орыс православие шіркеуіне беру туралы петиция жіберілді.

Ленинград облысының губернаторына Әулие Исаак соборын Орыс православие шіркеуіне беру туралы петиция жіберілді.

Белгілі болғандай, жұртшылық Исаак соборының Орыс православие шіркеуінің меншігіне өтуіне қарсы. Тиісті петицияға алты мыңға жуық Петербург тұрғыны қол қойды.

Хабарланғандай, бұған дейін Орыс православие шіркеуі епархиясының өкілдері Әулие Исаак соборының ғимаратын өз меншігіне беруді сұрап, қала әкімдігіне жүгінген. Қала билігі бұл өтініштің келіп түскенін растады. Алайда, әлі ешқандай шара қолданылған жоқ. Шенеуніктер бұл мәселені қарап, істі жан-жақты зерттеуге уәде берді.

Бұл ретте петиция авторлары үндеу бойынша 5 мыңға жуық қол жинамақ болған. Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен 6395 қол жиналған. Қазірдің өзінде өтініш облыс әкіміне жолданды. Үндеу мәтінінде собордың тек сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар қаланың айшықты белгісі екені айтылған. Ғибадатхананың Орыс православие шіркеуіне берілуіне байланысты туристердің нысанға баруы шектеледі. Сонымен қатар, епархия қажет болған жағдайда мәдени мұра нысанын қайта жаңғыртуға қаржы бөле алмайтыны айтылды.

Петиция авторлары собор шіркеудің меншігіне өткеннен кейін ғимарат экскурсиялар мен басқа да мәдени-ағарту шараларын өткізуді тоқтататынына сенімді. Айта кетейік, жыл сайын бұл мұражайға әлемнің көптеген елдерінен 3 миллионға жуық саяхатшы келеді.