×

Коломойскийге тиесілі Қырым нысандарын түгендеу аяқталды

Коломойскийге тиесілі Қырым нысандарын түгендеу аяқталды

Коломойскийге тиесілі Қырым нысандарын түгендеу аяқталдыҚырымдағы мүліктің әкімшілік дирекциясын басқаратын А.Садовскаяның айтуынша, жақында украиналық олигарх И.Коломойскийге тиесілі нысандарды түгендеу аяқталды. Бұл жеке компаниялар тобының бұрынғы филиалдары, сауда кәсіпорындары, құрылыс базалары, санаториялық-курорттық секторға қатысты мекемелер. Олардың ең ірісі – «Форос» санаторийі. Енді 1,5 айдан кешіктірмей оларды тәуелсіз бағалау рәсімі өтіп, одан кейін нысандар аукционға шығарылады.

Бұған дейін Украинаның Приватбанкінің негізін қалаушы Днепропетровск облысының губернаторына тиесілі бұл мүлік Қырым парламентінің шешімімен ұлттандырылды, өйткені оған Донбасста әрекет ететін жазалаушы батальондарды қаржыландырды деген айып тағылған болатын. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Коломойский «Еуромайданға» және «Оң сектор» деп аталатын украин ұлтшыл ұйымына демеушілік жасауға қатысы бар деген болжам бар.

Бұл ретте Ресей Федерациясында тыйым салынған соғыс әдістерін қолдану фактісі бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, Ресей Бас прокуратурасы олигархқа халықаралық іздеу жүргізіп жатыр. Мәскеуде өткен жылдың қыркүйегінде Ресей Тергеу комитетінің өтініші бойынша Коломойскийдің мүлкін қамауға алу шарасы әлдеқашан жүргізілген болатын.

Садовская Қырым аумағында барлығы 140 нысан ұлттандырылғанын, оның 83-і олигархқа тиесілі екенін айтты. Алдағы уақытта аукционның форматы республика Министрлер Кеңесінің шешімімен айқындалады. Бұл аукцион немесе конкурс болады. «Коломойский» нысандары Қырымның меншігі ретінде құжатталғаннан кейін ғана билік тарапынан бағаланады, деді республиканың меншік қатынастары министрінің орынбасары О.Лахина. Құнға келетін болсақ, ол сұраққа жауап беру қиынға соқты.