×

Керчь бұғазы арқылы Қырымға апаратын көпірді Ротенбергтің «Стройгазмонтаж» компаниясы салады.

Керчь бұғазы арқылы Қырымға апаратын көпірді Ротенбергтің «Стройгазмонтаж» компаниясы салады.

Керчь бұғазы арқылы Қырымға апаратын көпірді Ротенбергтің «Стройгазмонтаж» компаниясы салады.Құрылыс жұмыстарына бас мердігер ретінде Аркадий Ротенбергке тиесілі «Стройгазмонтаж» компаниясы таңдалды.

Бұрын хабарланғандай, Қырымды Ресеймен байланыстыратын көпір құрылысының жалғыз мердігерін анықтау құқығы тек Ресей Федерациясының үкіметіне тиесілі. Көлік министрлігіне жақын кейбір шенеуніктердің айтуынша, тиісті мемлекеттік тапсырыс жобасы қазірдің өзінде кейбір ведомстволарға келісу үшін жіберілген.

Үкімет тарапынан «Стройгазмонтаж» компаниясының осындай ірі жобаларға бас мердігер ретінде аз да болса тәжірибесі бар болғандықтан таңдағаны белгілі. Еске сала кетейік, дәл Ротенберг компаниясы «Оңтүстік ағын» компрессорлық станцияларының бірінің құрылысына қатысқан болатын.

Өздеріңіз білетіндей, Қырым аймағын дамытуға федералды бюджеттен 247 миллиард рубль бөлінбекші. Биліктің негізгі міндеттерінің бірі — Қырымның материктік Ресеймен байланысын қамтамасыз ететін Керчь бұғазы арқылы көпір салу. Алдын ала жоспар бойынша көпір құрылысы 2018-2020 жылдары аяқталуы тиіс.