×

Көп ұзамай Кремльдің тарихи 14-ші ғимаратының тағдырын Путин шешеді

Көп ұзамай Кремльдің тарихи 14-ші ғимаратының тағдырын Путин шешеді

Көп ұзамай Кремльдің тарихи 14-ші ғимаратының тағдырын Путин шешедіРесей президентінің істерін басқаратын Александр Колпаковтың айтуынша, Кремльдің 14-ші корпусының алдағы тағдыры жақын арада шешіледі. Оның ары қарай не боларын мемлекет басшысы шешеді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде. Бұл ретте Мәскеу Кремлінің тарихи ғимарат және сәулет ескерткіші екені ескерілген. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-мен кейбір үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық құжаттама дайын болғаннан кейін ғана президентке тапсырылады, ол қажетті шешімді қабылдайды.

Белгілі болғандай, мемлекет басшысы бұрын Кремль аумағында болған монастырьларды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. №14 ғимараттың орнында қасиетті монастырь пайда болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл идея жалпы талқылауға ұсынылып, оң бағасын алды.

№14 ғимарат – әкімшілік ғимарат. Ғимарат Сенат сарайы мен Спасск қақпасының арасында орналасқан. Бұл ғимарат Ивановская алаңын құрайтын ғимараттардың бірі. №14 ғимарат 1934 жылы салынып бітті. Бұрын оның орнында Кіші Николаевский сарайы және бірнеше монастырьлар орналасқан. Алайда, ғимараттар 1930 жылдары қираған. Ғимараттың өзінің тарихи маңызы жоқ және сәулет ескерткіші болып табылмайды. Сондықтан оны бұзып, басқа нысанмен ауыстыруға болады.