×

Иркутскіде жаңа су спорт кешені іске қосылды

Иркутскіде жаңа су спорт кешені іске қосылды

Иркутскіде жаңа су спорт кешені іске қосылдыБелгілі болғандай, 12 шілдеде Иркутск қаласында су спорты кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Нысан Солнечный шағын ауданында орналасқан. «IrkatskMedia» ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығының хабарлауынша, орталықтың ашылуына Ресей спорт министрі Юрий Нагорных, «Газпром» АҚ басқарма басшысының орынбасары Валерий Голубев және Сергей Ерощенко қатысты.

Сондай-ақ жаңа су спорты кешенінде күнделікті жаттығуларды да, халықаралық жарыстарды да өткізуді жоспарлап отырғандары айтылды. Орталық ғимаратында екі бассейн бар. Оның бірінің өлшемдері 50х25 метр, ал екіншісі 25х12 метр. Сонымен қатар, үлкен бассейнде бір бассейннен әрқайсысы 25 метрлік екі бассейн жасауға мүмкіндік беретін қалқалар жүйесі орнатылды. Көрермендерге арналған трибуналар да бар. Онда барлығы 1,3 мыңға жуық адам сыяды. Баспасөз орталығының хабарлауынша, кешенде бассейндерден бөлек, жабдықталған спорт және дене шынықтыру залы бар.

Бұл су спорт кешені 2010 жылы салына бастады. Бұл ретте «Газпром» ААҚ орталықтың құрылысына инвестор болып табылады. Кешен құрылысының өзі төрт көпфункционалды блокты қамтиды. «А» блогында ұзындығы 50 метр, ені 25 метрлік бассейн, сондай-ақ көрермендерге арналған трибуналар бар. «Б» блогында 25х12,5 метрлік бассейн бар. «Б» блогы спортшыларды тамақтандыруға арналған үй-жайлардан тұрады. «Г» блогында спорт залы орналасқан.

Сонымен қатар, баспасөз орталығы жақын арада бұл кешенде су добы спортының жарыстары өтетінін хабарлады. Жарыс Ресей-Қытай ойындары аясында өтеді. Белгілі болғандай, бұл ойындарға әр елден 176 спортшы қатысады.